Баға

 

 

Бағалаушы маманның кәсіби қызметі – экономикалық қызмет саласында жүзеге асады. Бағалаушы қаржылық процестердегі және есептіліктегі тазалықты, сонымен қатар несиелерді және кепілдерді қамтамасыз ету үшін, меншікті беруге байланысты мәмілелер және салық және салық салу мәселелерін және ауыртпалықтарды реттеу үшін жүргізілетін бағалау сенімділігін қамтамасыз ету арқылы мүлік нарықтарының  өмірге қабілеттілігіне  өз үлесін қосады.

 

Алматы Менеджмент Университеті «Бағалау» бағытындағы студенттерді даярлау нарықтық қатынастардың мүлікті, бизнесті және мүліктік емес құқықтарды бара-бар бағалауды талап етумен жүргізіледі. Бағалаушы өзінің функционалдық құзыретінен басқа, экономикалық теория, математика, менеджмент және маркетинг, есеп және есептілік негіздерін білуі, сонымен қатар қаржылық талдау және бағаланатын объектінің құнын анықтау дағдыларына ие болуы тиіс.

Мамандық бойынша пәндер:

•    «Бағалаудың теориялық негіздері»,
•    «Халықаралық бағалау стандарттары»,
•    «Бағалау қызметін құқықтық реттеу»,
•    «Машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын бағалау»,
•    «Қаржы менеджменті»,
•    «Жылжымайтын мүлікті бағалау»,
•    «Жерді және жер кадастрын бағалау»,
•    «Зияткерлік меншікті және материалдық емес активтерді бағалау».
•    «Бизнесті бағалау».

Академиялық дәрежесі: бағалау бакалавры

Қызмет салалары:

•    салық органдары,
•    банктер,
•    сақтандыру компаниялары,
•    мамандандырылған фирмалар,
•  табиғат ресурстарын, жылжымайтын мүлікті, бағалы қағаздарды, технологияларды және инновацияларды, сонымен қатар еліміздің экономикалық қауіпсіздігін бағалаумен айналысатын мекемелерде және т.б.

Оқу ұзақтығы: 4 жыл

Оқу нысаны:

күндізгі – 4 жыл

Оқыту тілі: орыс, қазақ, ағылшын