Базалық дайындық факультеті жөнінде

 

Базалық дайындық факультеті  (БДФ)   Алматы Менеджмент Университеті ББМ құрылымдық бөлімшесі болып табылады, ол 1 курс студенттерінің базалық дайындығын қамтамасыз етіп, өз жұмысын  келесідей бағыттарда шоғырландырады:

  1. Кәсіби бағдарламаны меңгеру үшін  базалық дайындық деңгейінің сапасын қамтамасыз ету.
  2. Үш тілде оқытуды жүзеге асыру.

 Орта білімнен  Университет жүйесі бойынша  оқуға біртіндеп ауысуды қамтамасыз ету үшін  Foundation  бағдарламасы бойынша даярлау  көзделеді;

  1. Стандарттау мен бір ізге түсіру арқылы оқытуды  тиімді ұйымдастыру.
  2. Академиялық адалдықтың жоғары стандарттарын дамыту.
  3. Көшбасшылық пен кәсіпкерлік рухы бар  тұлғаларды қалыптастыру.
  4. Әлеуметтік жауапкершілікті тәрбиелеу, жоғары адамгершілік қағидаттарын және жеке басы қасиеттерін қалыптастыру.

БДФ миссиясы 

Біз  кәсіби жағынан білімдар, жоғары құзыретке ие, жеке бас қасиеттері мен әлеуметтік –адами құндылықтарға бай болашақ бизнес көшбасшыларын даярлаудың іргетасын қалап жатырмыз.

 Студенттердің   бірінші курстан кейінгі  ауысу  GPA 2,0-ден кем болмауы жалпы білім беру пәндерін  меңгерудің   сапалық өлшемінің көрсеткіші болып табылады.

Базалық даярлаудың білім беру бағдарламалары жыл сайын хадықаралық  компонент үлесін ұлғайтып отыр, әрі оқытудың интербелсенді әдістерін дамытып келеді.  Білім беру бағдарламалары сапасының әлемдік стандартқа  сай болуы халықаралық және қазақстандық бағдарламалық аккредитацияларымен дәлелденеді.  

Оқыту қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Оқыту түрі: күндізгі

БДФ құрамына  мына бөлімшелер кіреді:

  • Деканат;
  • «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасы;
  •  «Foundation» бағдарламасы.