Академиялық мобилділік

         

Шетелдік ЖОО-лармен  халықаралық ынтымақтастық білім алушыларға  келесідей мүмкіндіктер береді:

  • кәсіби дайындық деңгейін арттыру;
  • меңгеріп жатқан мамандығы бойынша практикалық дағдыларын, құзыреттерін және кәсіби тәжірибелерін  жетілдіру;
  • халықаралық білім беру бағдарламалары мен жобаларына қатысу;
  • шет тілі деңгейін жетілдіру және  қабылдаушы елмен танысу;
  • мәдени және жалпы білім деңгейін арттыру.

          AlmaU-да академиялық ұтқырлық  келесідей бағыттарда жүзеге асырылады:

  • Алмасу бағдарламасы
  • Жазғы және қысқы мектептер
  • Ішкі  академиялық ұтқырлық
  • Сыртқы академиялық ұтқырлық

         Қазіргі уақытта  университетте  студенттер алмасу бағдарламасы бойынша   30 бағдарлама бар .

     2015-2016 оқу жылының күзгі семестрінде  «Менеджмент», «Қаржы», «МІҚБ», «Логистика»  мамандықтары  1, 2 курсының 18 студенті алмасу бағдарламасы бойынша   IESEG (Франция), TROYES (Франция), MCI (Австрия), St. Cloud State University (АҚШ), NUCB (Жапония), AUCA (Қырғызстан), ISM  және  Кадыр Хас (Түркия) сияқты университеттерге оқуға кетті.