Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) және оның Алматы қаласының 1000-жылдық халықтық мерекесіне қосқан үлесі

Алматы қаласының 1000 жылдық мерекесі ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен Парижде өткен  ЮНЕСКО-ның  38-сессиясының шешімі бойынша, ресми түрде ЮНЕСКО-ның мерейтойлық және атаулы даталар күнтізбесіне енгізілді.

2016 жылдың 5 және 8 қыркүйек аралығында ҚР Мәдениет және спорт  министрлігінің бастамасымен халықаралық қатынастар және ғылыми жұмыс, білім департаменті  және Алматы қаласы бойынша Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының қолдауымен, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұражайы (ҚРОММ), Алматы Менеджмент Университеті Базалық дайындық факультеті, О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының колледжі, Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұражайы (ҚРОММ) қабырғасында «Алматы-Art», студенттердің І халықаралық фестиваль-байқауы өтті, «Дәстүрлі ұлттық өнерді жаңғырту» аталымы бойынша: көрме, шебер-сыныптар, дефиле өткізілді  және әділқазы төрағасы AlmaU доценті Н.З. Такижбаева болды. Фестиваль аясында өткізілген «Алматы және оның әлем мен Қазақстанның дамуына қосқан үлесі» атты Алматының 1000-жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына университетіміздің оқытушылары қатысты. Т.ғ.д., профессор А.Т.Капаева, т.ғ.к., доцент Н.З. Такижбаева, т.ғ.к., доцент м.а. Е.Т. Рамазанов, аға оқытушы Г.Б. Асемкулова және т.б. оқытушылардың жасаған баяндамалары қатысушылардың назарын аударды.

Қаламыздың мерей тойын тойлау  бірінші Президент саябағында жыл сайын болатын «АлмаFest-2016» алма фестивалінің өткізілуімен  жалғасты.

 Біз мың жылдық тарихы бар қалада тұратындығымызды, сонымен қатар қаланың беделді Алматы Менеджмент Университетінде жұмыс істейтіндігімізді мақтан тұтамыз.