Студеттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары

Жыл сайын өткізілетін студенттер мен магистранттардың iSTART  2017 ж. халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының тақырыбы  инновациялық кәсіпкерлік болды: «Гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының өзекті мәселелері» секциясында 20-дан астам баяндама дайындалды, жұмыс барысында оның ішінен 10 баяндама іріктеліп алынды. Италиевой Айжан  мен Жамалбек Жанардың еңбектерінің тақырыптары  ғылыми зерттеу жұмыстарының талаптарына сай  жүлдеге ие болды.    

 

                                                                                                                      

 

                                                              

 

 

                                             

  •       Зерттеу жұмыстарындағы кафедраның жаңа бағыттары: «ІТ –мамандығы студенттерінде машықтанудың білім траекториясы мен құзіреттілігін қалыптастыруда жаратылыстану-техникалық және гуманитарлық білімнің интеграциялануы» деп аталады.

ІТ-технология саласының жаңа маманы қандай болуы тиіс, қандай іргелі және кәсіби білімі болуы керек, қандай жеке қасиеттері мен машықтары болуы қажет?  XXI ғасырдың студенттеріне қажетті машықтар: сыни тұрғыдан ойлай білу,  өзара байланыс пен жан-жақты қарым қатынас жасай білу қабілеті болуы керек, жұмысына шығармашылық тұрғыдан  қызығушылықпен қарай білуі тиіс.  Мельбурн университетінің профессоры Патрик Гриффин жетекшілік ететін  XXI ғасыр (ATC21S) құзіреттілігі мен машықтарын үйрету мен сараптау туралы  халықаралық деңгейдегі  ірі  ғылыми жоба бар. Аталған зерттеу жұмысы аясында  ІТ мамандығы студентінің моделін,  ҚР –дың оқу орындарында жүзеге асыру үшін білім бағдарламалары мен білім траекторияларын қалыптастыру қажет.