Бітірушінің біліктігі - заңгер (юриспруденция маманы). Заңгердің қызметі құқықтық нормаларды іске асыруға және қоғамның әртүрлі салаларында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған. Бітірушілердің кәсіпқой қызметінің объектілері заңды мәнге ие оқиғалар мен іс-әрекеттер, мемлекеттік институттардың функциялау саласында туындайтын құқықтық қатынастар; мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын құқықтық қатынастар болып табылады.
Академиялық дәрежесі: юриспруденция бакалавры
Кәсіби қызметі пәндері:
- құқықтық нормалар;
- заңи мәндерге ие оқиғалар мен іс-әрекеттер;
- мемлекеттік және мемлекеттік емес институттардың функциялау саласында туындайтын құқықтық қатынастар;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасындағы құқықтық қатынастар.
Оқу ұзақтығы: 4 жыл
Оқыту тілі: орыс, қазақ, ағылшын