Логистика

 

 

Логистика жабдықтау, өндіру, бөлу, қоймалау, тасымалдау процестерін оңтайландыруға байланысты мәселелерді шешеді, яғни,  кәсіпорындар және оның жеткізушілері, делдал фирмалар және тарату желісі арасында материалдық және ақпараттық ағымдарды ауыстырумен байланысты мәселелерді қамтиды.  Логистиканың мақсаты –  коммерция, менеджмент, өнеркәсіп, энергетика, құрылыс, ауыл шаруашылығы, сауда, көліктік-экспедициялық сала сияқты әртүрлі қызмет бағыттарының бәсекеге қабілеттілігін, сенімділігін және тиімділігін арттыру.

 

Мамандық бойынша пәндер: 

  • «Сатып алу-тарату логистикасы»
  • «Ақпараттық логистика»
  • «Өндірістік логистика»
  • «Коммерциялық логистика»
  • «Көліктік логистика» 
  • «Ғаламдық логистикалық жүйелер»

Академиялық дәрежесі: логистика бакалавры

Қызмет салалары:

•    консалтингтік фирмаларда;
•    өндірістік кәсіпорындарда және сауда компанияларында;
•    сыртқы сауда ұйымдарында;
•    биржалардың, банктердің, инвестициялық және қаржы компанияларының маркетингтік бөлімшелерінде;
•   билік органдарында (кәсіпкерліктің дамуын басқаратын департаменттерде, сауда басқармаларында және т.б.).

Оқу ұзақтығы: 4 жыл

Оқу нысаны:

күндізгі – 4 жыл
кешкі – 2 жыл
сырттай – 2 жыл

Оқыту тілі: орыс

Оқыту тілі: орыс, қазақ, ағылшын