Бакалавриат

Бағдарламалар

  1. Бакалавриат
  2. Foundation 

 

Бакалавриат – бұл 4 жылға созылатын жоғары білім берудің  кәсіби бағдарламасы, белгілі бір мамандық бойынша   «Бакалавр» дәрежесі  беріледі.

Alma University (AlmaU)  бакалавриат бағдарламасының мақсаты –  экономиканың түрлі  секторлары мен  менеджменттің жекелеген функционалды салалары бойынша практикалық менеджмент бойынша  заманауи дағдыларды меңгерген, терең теориялық білім алған жас мамандарды дайындау.

 2016  жылдың 23 желтоқсанында  АРТУ  Аккредиттеу Кеңесінің (Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз  агенттігі) шешімі бойынша  7 білім беру бағдарламаларына  5 жылдық  мерзімге арнайы   аккредитация берілді: «АЖ», «МІҚБ», «Баға», «Логистика»., «Юриспруденция», «Қоғаммен байланыс», «Аймақтану».

Қазіргі уақытта бакалавриат бағдарламасы бойынша  дайындық үш бағытта - «Әлеуметтік ғылымдар», «Бизнес» және  «Қызмет көрсету» -  15 мамандық аясында жүзеге асырылады:

Шифр    Мамандық

5B050600 «Экономика»

5В050700 «Менеджмент»

5В050800 «Есеп және  аудит»

5В050900 «Қаржы»

5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару»

5В051100 «Маркетинг»

5В070300 «Ақпараттық жүйелер»

5В090800 «Баға»

5В090900 «Логистика»

5В091200 «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі»

5В030100 «Юриспруденция»

5В050500 «Аймақтану»

5В051400 «Қоғаммен байланыс»

Бизнес аналитика және жаһандық дерекқор– эксперимент

Бағдарламалық инженерия - эксперимент

  

 «Foundation» бағдарламасы  

​ AlmaU-да   2015-2016 оқу жылынан бастап  «Foundation» бағадарламасы жүзеге асырылып келеді

«Foundation» бағдарламасының  миссиясы  – үйренушілерді  КТ/ҰБТ  тапсыруға дайындау, университетке бейімделуге  көмектесу және академиялық оқу дағдыларын дамыту.

Бағдарламаның ұсынатыны:

  • ҰБТ/КТ –ға дайындықтың қарқынды курсы, жалпы білім беретін пәндер  бойынша: (Қазақстан тарихы, математикалық және оқу сауаттылығы)  және  бейінді пәндерге дайындау;
  • Базалық жалпы білім беру пәндері бойынша 1 семестр бойы дайындау;
  • «Almaty Management University” ББМ  академиялық білім алуға бейімделу  және жеке тұлға дағдыларын дамыту;
  • шетелдік студенттердің академиялық тілді меңгеру деңгейін  жақсарту  және университеттің  білім беру бағдарламаларындағы базалық пәндерді меңгерту.

 

«Foundation» в  AlmaU-дағы «Foundation» бағдарламасының артықшылықтары :

  • оқу сапасына университеттің  кепілдік беруі;
  • ҰБТ/КТ –ға дайындаудың заманауи әдістемелері, тестілердің өзекті базасы;
  • университетте оқуға бейімдеудің бірегей курсы ;
  •  сабақтарды  өтудің  икемді кестесі;
  •  оқытуда қолданылатын  интербелсенді  формат;
  •   жоғары білікті оқытушылар құрамы;
  •  Сабақтартар үшін, демалуға және студенттерге қолдау көрсету үшін  жасалған  қолайлы жағдай;
  • өтінім берген жағдайда  кәсіби жетекшілік әрі қолдау;
  • төлемақының қолжетімділігі.

 

Ресурстарға қол жеткізу мүмкіндігі, оған кіретіндер:

электронды кітапхана және оқу залдары;

• компьютерлік  және   IT-жабдықтар;

• студенттік клубтар мен қауымдастықтың  іс-шараларына  Creative Zonе аймағында  қатысуға мүмкіндік;

• Art&Sport Zone қызметін пайдалану;

• студенттер кафесі және т.б.;

 

AlmaU-дың  «Foundation» бағдарламасы  университетке  оқуға түсуге дайындық пен Қазақстанда оқу мен өмір сүру үшін  әзірленген арнайы академиялық бағдарламалар жиынтығын ұсынады:

 

 AlmaU Бакалавриатының  1 курсына  шартты түрде қабылданған студенттер үшін  бағдарлама 

 Таңдаған мамандығы бойынша академиялық оқуды  алдағы жылдың қаңтарында өткізілетін  КТ-ға  қарқынды дайындықпен ұштастырады, сонымен қатар оқу дағдыларын дамытып,  университет өміріне коммуникациялық бейімделуден өтеді.

Кешенді тестілеуді қайта тапсыру нәтижесінде  шекті балды ала алмаған жалпы орта білімі (орта білім) немесе техникалық және кәсіби  ( бастапқы, орта кәсіби, ортадан кейінгі) білімі туралы құжаты  бар тұлғалар  ақылы негізде  күндізгі бөлімге  бірінші академиялық кезеңге  ( 1 семестр) оқуға қабылданады.

Осы бағдарлама  КТ-ны  50-ден жоғары  балға  тапсырған, бакалавриаттың 1 семестрінің оқу бағдарламасын меңгерген тұлғаларды   AlmaU-ға  ағымдағы жылдың 2 семестріне оқуға қабылдауға кепілдік береді.

 AlmaU-ға шартты түрде қабылданған тыңдаушылар бірінші күннен бастап  университет студенттерінің академиялық мәртебесіне ие болады да барлық ресурстарға  қол жеткізе алады. 

AlmaU-ға шартты түрде қабылданған тыңдаушылар бірінші күннен бастап  университет студенттерінің академиялық мәртебесіне ие болады да барлық ресурстарға  қол жеткізе алады. 

 

«Дайындық  курстары» бағдарламасы

Университетте 2017 жылдың наурызынан бастап  AlmaU –ға оқуға түсу үшін 2017 жылдың талапкерлерін ҰБТ-ға (немесе КТ-ға)  және бейінді пәндер бойынша тестілеуге даярлайтын  бағдарлама ашылады. Бұл бағдарлама жоғарғы оқу орнында  оқуын жалғастырғысы келетін орта мектеп бітірушілеріне бағытталған.

Дайындық курстары 3 ай бойы  оқытуға есептелген ( наурыздан мамырға дейін).

Қосымша жаз кезінде  түлектер үшін әрі  ҰБТ сертификаты  жоқ тұлғалар үшін  қысқа мерзімді 1 айлық -  КТ-ға дайындық курсын ұйымдастырады.

 

Pre-Master’s- Университет түлектері үшін бағдарлама

Бағдарлама мақсаты – бакалавр академиялық біліктілігі бар, бірақ  кешенді қабылдау емтихандарының нәтижесі бойынша тікелей қабылданбайтын   AlmaU магистратурасына  түскісі келетін тұлғаларды даярлау.

Бағдарлама  бизнес саласы мамандықтары бойынша магистрлік бағдарламаны меңгеру үшін базалық кәсіби дайындықтан өткісі келетін бейінді емес мамандықтар бакалаврларына арналған.

Сабақтарды  тамыз бен қыркүйек айында ізденушілерге қолайлы мерзімде   өтуді жоспарлаймыз. Оқудың ұзақтығы - 2 ай.

Сабақты университеттің  жетекші оқытушылары жүргізеді.

Ақысы академиялық айырмашылықтарды ескере отырып, пәндердің кредиттер санына қарай  сағатпен төленеді.

 

Alma University бакалавриат бағдарламасы бірегей пәндерді оқуды қарастырады – Академиялық адалдық және  Service Learning.

             «Академиялық адалдық»  курсы студенттердің бойында  оқуда және білім деңгейін бағалауда жеке бас адалдығы құндылықтары мен қағидаттарын дамытуға бағытталған. 

 

 "Service Learning" пәні   Қазақстанда алғаш рет  Alma University бакалавриатының  барлық мамандықтарының оқу бағдарламасына  2015 жылы енгізілді. Осы бірегей пән аясында  1 курс студенттері волонтер ретінде қоғамға қызмет етуге үйренеді, түрлі әлеуметтік ұйымдарда  қоғамға пайда келтіру мақсатында алған білімдерін практика жүзінде қолданады.

2 оқу жылы ішінде  «Service Learning» бағдарламасы  бойынша  1  курстың 833 студенті оқудан өтті. Олар түрлі бағыттағы 45-тен аса әлеуметтік жобалар жүзеге асырылды:

- егде жастағы жалғыз басты адамдарға, жағдайы төмен отбасыларға, мүгедектерге  тікелей көмек көрсету;

- қоршаған орта игілігіне арналған жұмыс;

- балалар үйлері мен мектеп-интернаттардың балаларын, босқын балаларды оқыту және олармен араласу ;

- қоғамның әлеуметтік  маңызы бар мәселелерін бақылау;

- қайырымдылық науқандарын өткізу
 

Университетке бағдарламаны жүзеге асыруға Алматы қаласы Әкімдігі, мемлекеттік мекемелер  ( №2 интернат,   №1 және  №2 балалар үйі ), Қоғамдық ұйымдар («Кеңес»,  «Жігер» мүмкіндіктері шектеулі адамдардың жастар ұйымы», «Мүгедек балалар ата-аналары қауымдастығы», «Әлеуметтік жобалар халықаралық қауымдастығы», «Аман саулык», «Мейірімді қолдар»);   «Бауыржан», «Дара», «Ана үйі»  және басқа да қайырымдылық қорлары көмек көрсетеді. Барлығы  22 серіктес ұйымдар.