Жаңалықтар

February 19 , 2016
«Студент, өз құқықтарыңыз бен міндеттеріңізді білесіз бе?» тақырыбында ашық кураторлық сабақ шеңберінде дөңгелек үстел 2016 жылы ақпан айының 19 күні қазақ және орыс тілдері кафедрасының оқытушылары Г.Ш.Акимбекова мен Ә.Ж.Байелінің ұйымдастыруымен «Студент, өз құқықтарыңыз бен міндеттеріңізді білесіз бе?» тақырыбында ашық кураторлық сабақ шеңберінде дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелге қатысқандар Алматы Менеджмент Университетінің «Қаржы», «Аймақтану», «Менеджмент», «Құқықтану», «Есеп және аудит» мамандықтарының 1 курс қазақ бөлімінің студенттері.Дөңгелек үстел қатысушысы - Алматы Менеджмент Университеті Заң бөлімінің маманы Степан Владимирович Беспалов. Дөңгелек үстелдің мақсаты Алматы Менеджмент Университетінің «Білім беру қызметін көрсетуге арналған» келісімшартты негізге ала отырып, студенттердің өз құқықтары мен міндеттеріне қатысты тармақтарды талқылау болды. Алматы Менеджмент Университетінің «Білім беру қызметін көрсетуге арналған» келісімшартының әрбір тармағы бойынша студенттер баяндама жасады. Студенттер «Білім беру қызметін көрсетуге арналған» келісімшартты талдап жасаған баяндамаларын аяқтаған соң, сөз кезегі Заң бөлімінің маманы Беспалов Степан Владимировичке берілді. Маман одан әрі студенттер тарапынан қойылған өзекті сұрақтарға жауап берді. Қойылған сұрақтар төңірегінде студенттер мен маман ортасында қызу пікірталас пен талқылау болды.
February 10 , 2016
«Тіл-әлемдік кеңістікке апаратын жол» атты кездесу 2016 жылдың 5 ақпанында «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының ұйымдастыруымен поляк тілінің маманы, тарихшы, поляк білімін дамыту орталығының өкілі Хенрик Пжевжеймен 1 курс студенттері арасында «Тіл-әлемдік кеңістікке апаратын жол» атты кездесу өтті. Кештің қонағы студенттерге шетел тілдерін білу өміріңізге «жақсы жол ашып» қана қоймайды, сонымен қатар, әр елдің мәдениетін, тарихын түсініп, ой өрісті кеңейтеді деп айтты. «Менің ойымша, көп тілді білу бұл әрбір адам үшін үлкен мүмкіндік және тілді үйрену арқылы біз сол халықтың жан дүниесіне жол табамыз. Себебі, сол тіл арқылы тек сөздер ғана емес, ұлттың ойы, сезімі, қайталанбас ерекшеліктері көрінеді. Студенттердің тілдерді меңгеруі әлемдік білім кеңістігінде олардың өз қабілеттерін жүзеге асыруларына мүмкіндік береді» - деп атап көрсетті өз сөзінде поляк тілінің маманы. Студенттер кездесуге деген өз қызығушылықтарын білдіріп, көптеген сұрақтар қойды. Кеш жақсы, жоғары деңгейде өтті.
December 29 , 2015
Заключительный вечер “Charity Awards” подвел итоги изучения студентами первого курса дисциплины “Service Learning”
October 30 , 2015
30 қазан 2015 жылы «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының ұйымдастыруымен «Татулық – табылмас бақыт» атты әр түрлі ұлт өкілдері-студенттерінің қатысуымен мерекелік кеш өтті.
October 29 , 2015
29-қазан 2015 жылы МБ және МІ мамандығының қазақ бөлімі 2 курс студенттері мен Алматы технология университеті студенттерінің арасында «Мейрамхана бизнесі: кеше және бүгін» атты тақырыпта дебат өткізілді.
October 23 , 2015
Университетіміздің Қазақ және орыс тілдері кафедрасы 2015-2016 оқу жылында құрылған жаңа форматтағы «Шапағат» қайырымдылық қорының жұмысын бастады. Қордың негізгі қызметі Алматы Менеджмент Университетінің Қазақ және орыс тілдері кафедрасы мен Алматы қаласындағы №1 балалар үйі коммуналдық мемлекеттік мекемесі арасындағы ерікті, әрі ынталы қайырымдылық жұмыстарына негізделген.
October 12 , 2015
В понедельник 28 сентября 2015 года прошло первое заседание клуба русского языка «Русландия». Русландия объединяет любителей русского языка из числа студентов первых курсов казахских отделений.
October 12 , 2015
Алматы Менеджмент Университетінде «СӨЗМЕРГЕН» көңілді тапқырлар сайында нағыз сөз шеберлері тіл додасына түсті.
October 08 , 2015
2015 жылы 11 ақпан күні  «Ұлағат» клубының аясында «Театр – өмір айнасы» атты кездесу кеші өткізілді. Кеш
October 08 , 2015
21 ноября 2014 года была  организована встреча с  известным казахстанским кинорежиссером  Еркином Ракишевым