Жаңалықтар

April, 23

Тіл ұлттың жаны

     Тіл ұлттың жаны 

     2016 жылдың 23 сәуір күні Алматы Менеджмент Университетінің  1 курс қазақ бөлімі студенттері  ҚазМемҚызПУ –да ұйымдастырылған Қалалық Университетаралық орыс тілі білгірлерінің байқауына қатысты. Аталған байқауға 6 ЖОО студенттері қатысты.  
     Байқауда 5 кезең болды. Студенттер орыс тілі мен әдебиетінен, Қазақстан тарихынан, шешендік өнерден білімдерін көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша 
1 орын - ҚазМемҚызПУ
2 орын - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
3 орын – Алматы Менеджмент Университеті иеленді.
Біздің университеттің студенттері сонымен қатар, «Көпшілік алдында сөйлеу шеберлігі» аталымы бойынша жеңімпаз атанды.
Университетіміздің студенттірі Кажымхан Азамат (Менеджмент), Кымкабек Бейбарыс (Менеджмент), Капишев Кайсар (Құқықтану), Жакенова Жания (Құқықтану),  Алатаева Куралай (Есеп және аудит), Рахметова Нурайым (МІҚБ), Конакбаева Гулсаяны (МІҚБ)  және аталған топтың  жетекшілері «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының оқытушылары доцент Таирова Назгуль Абайқызы және аға оқытушы Джубанова Гульнар Джулашқызын құттықтаймыз. 

 

   

Бөліс: