Жаңалықтар

April, 18

«Қазақ тілі - болашағым» атты мерекелік іс шара

2016 жыл 18 сәуір күні сағат 10.50-ден 15.00-ге дейін «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының ұйымдастыруымен тілдік ортаны қалыптастыру мақсатында  «Қазақ тілі - болашағым» атты  іс-шара болып өтті. Дәстүрлі түрде өткен іс-шараға оқытушылар, қызметкерлер және студенттер белсенді түрде қатысты. Іс-шараға қатысушылар мақал–мәтел, жаңылтпаш айту байқауларына қатысып, өз бақтарын сынап көрді. Байқау жеңімпаздары дәмді бауырсақтан, ірімшіктен, женттен, құрттан дәм татып, өз ризашылықтарын білдірді. Қазақша әндер шырқалып, «Әуенді тап» ойыны  көңілді мерекені қыздыра түсті. Тартысты өткен асық ойыны әркімнің балдәурен балалық шағын еске түсіргендей болды. Ән айтуды жақсы көретіндер караоке маңына жиналып, қазақша ән айтудан жарысқа түсті. Көгілдір экраннан ұдайы көрсетіліп тұрған бейнероликтер мерекелік көңіл-күй сыйлады. Осылайша AlmaU ұжымы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге белсене атсалысты.

 

Бөліс: