Жаңалықтар

April, 18

«Наурыз шапағаты» байқауы

2016 жылдың 18 сәуір  күні университеттің студенттері мен Алматы қаласындағы №1 Балалар үйінің тәрбиеленушілерінің қатысуымен қазақ және орыс тілдері кафедрасының жанынан құрылған «Шапағат»      қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен «Наурыз шапағаты» байқауы болып өтті.Байқау басталмастан бұрын қонақ балалар университетіміздің мұражайымен, кітапханасымен танысты. Сағат 15.00-де  университетіміздің студенттері және қонақ балалардың қатысуымен «Наурыз шапағаты» байқауы болды. Студенттер мен балалар қосылып «Топжарған», «Сөзмерген» топтары болып сөз сайысына түсті. Байқау   бағдарламасында балалар мен студенттер би билеп, әсем әндер орындады. Байқау барысында «Сөз мерген», «Ойлан тап», «Кім тапқыр» атты кезеңдерден тұратын сөз сайысы болды.

 Байқау соңында №1 балалар үйі директорының орынбасары М.К.Тлеубаева  студенттерге, «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының ұжымына алғыс білдірді.

 

 

Бөліс: