Жаңалықтар

March, 16

«Шапағат» қайырымдылық қоры

    16 наурыз күні Алматы Менеджмент университетінің 1 курс студенттері  Қазақ және орыс тілдері кафедрасының оқытушылары Жакибаева К.А., Нуртазина А.О., Бейсенбиев Б.К., Джубанова Г.Д., Отынчиева М.Т.  Алматы қаласындағы №1 балалар үйіне барып, тәрбиеленушілермен кездесу өткізді. Университетіміздің I, ІІ курс  студенттері Наурыз мерекесіне орай «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік ісшара ұйымдастырды. Олар мерекелік концерт қойып, өлеңдер оқыды. Тәрбиеленушілермен бірге әр түрлі ұлттық ойындар жүргізді. Студенттер қазақ халқының ұлттық дәстүрі «Қырқынан шығару» салтын көрсетті. Мерекелік дастархан жайылды. Балалар бір-біріне тілек айтып, балаларға мерекелік  сыйлықтар таратты.

 

 

Бөліс: