Жаңалықтар

March, 16

Алматы қаласы тарихы мұражайының Ежелгі және орта ғасырлар тарихы бөлімінің меңгерушісі Г.А.Билялова және мұражай қызметкері А.М.Билибаевамен кездесу.

     Алматы қаласының 1000 жылдығының аталып өтілуіне байланысты, Алматы Менеджмент Университетінің Қазақ және орыс тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен 16 наурыз күні «Алматы мұражайы шақырады» атты тақырыбындағы кездесу болып өтті. Кездесу қонақтары Алматы қаласы тарихы мұражайының Ежелгі және орта ғасырлар тарихы бөлімінің меңгерушісі Г.А.Билялова және мұражай қызметкері А.М.Билибаева ханымдар болды. Қонақтар мұражайдың тарихы, қызметі  мен жәдігерлері туралы қазақ бөлімінің 1 курс студенттерімен ой бөлісті. Әсем қаламыздың тарихын жаңғыртуда талай іс-шаралардың бастамашысы, болып жүрген мұражайдың қызметі, бүгінгі тыныс-тіршілігі жайлы ой бөлісуі студенттер үшін тағылымы мол кездесу болды. Мұражай қызметкерлері Алматы тарихының 1000 жыл емес одан да да тереңде жатқанын дәлелдеу үшін тарихи жәдігерлерді талмай жинап, талай қазба жұмыстарын жүргізіп, зерттеп халықтың игі мұрасына айналдырамыз деген ойды тілге тиек етті. Мұражай қызметкерлері сонымен қатар, өздерімен бірге жарияланған көптеген ғылыми еңбектерін көрсетіп, ғылыми түсініктемелер беріп өтті. Студенттер қаланың тарихы туралы, мұражайдың іс-шаралары мен жоспарлары туралы көптеген сұрақтар қойылып, кездесу жақсы деңгейде өтті
                                                     

 

Бөліс: