Жаңалықтар

March, 14

Алматы қаласының тарихын зерттеуші, Ә.Марғұлан атындағы археология институтының жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к. А.Ә. Нұржановпен кездесу

Университетте  тілдік ортаны қалыптастыру бағытында 14 наурыздан 18 наурыз аралығында Алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойына арналған апталық өтеді.14 наурыз сағат 14.10-да 430-дәрісханада Алматы қаласының тарихын зерттеуші, Ә.Марғұлан атындағы археология институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Нұржанов Арнабай Әбішұлы орыс бөлімінің 1 курс студенттерімен Алматы тарихының тағлымдары туралы ой бөлісті. Арнабай Әбішұлы 1000 жылдық тарихы бар әсем қаланың тарихын айта оырып, 2015 жылы Алматының 1000 жылдығы ЮНЕСКО-ның мерейтойлық даталар тізіміне енгенін, әрі  Оңтүстік астананың әкімдігі 2016 жылы қаланың мыңжылдығын атап өтетіндігін қоса  айтты. 
           

Бөліс: