Жаңалықтар

March, 24

«Балауса» тілдер клубының отырысы

  "Балауса" тілдер клубының отырысы


26.02.2016ж. сағат 10.00-де 317 аудиторияда «Балауса» тілдер клубының «Тілге құрмет – елге құрмет» тақырыбында отырысы өтті. Отырысқа В-1, В-2 деңгейінде білім алып жатқан 63 студент қатысты. Отырыс қонақтары   әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде және Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінде оқитын  шетелдік студенттер болды. Қонақтардың қазақ тілін жетік біліп, еркін сөйлеуі отырысқа қатысқан студенттерімізді таңқалдырды. Отырыс барысында шетелдік студенттер тіл үйренудің қиын да қызықты кезеңдері туралы еске алып, сүйіп оқитын қазақ ақындарының өлеңдерін жатқа айтып, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Кездесу соңында  қонақтарға алғыс айтылып, сыйлықтар тапсырылды.                   

 

 

Бөліс: