Жаңалықтар

February, 27

«Орыс жазушылары шығармаларындағы әзіл» атты әдеби КТК

 


«Орыс жазушылары шығармаларындағы әзіл» атты әдеби КТК

    27.02.2016 жылы «Русландия» орыс тілі клубының ұйымдастыруымен «Орыс жазушылары шығармаларындағы әзіл» атты әдеби КТК өткізілді. Ильф және Петровтың «12 орындық» атты белгілі роман желісі бойынша студенттер көріністер қойды.
    Байқаудың қазылар алқасы «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының оқытушылары профессор Жаданова К.Х., ф.ғ.к., доцент Бадагулова Г.М. және аға оқытушы Джубанова Г.Д. болды. Байқауға «Он үшінші орындық» («Менеджмент» мамандығының 1 курс студенттері) және «Сол жақұттар» («Есеп және аудит» мамандығының 1 курс студенттері) атты командалар қатысты.
    Студенттер «12 орындық» романы бойынша білімдері мен әзілдерін «Сәлемдесу», «Капитандар жарысы», «Командалар байқауы» атты 4 жарыста ұтымды көрсете білді. Команда капитандары ақша табудың жолдары туралы өз жоспарларын ұсынды. Әр команда романдағы қанатты сөздерді айтып жарысты.
Екі топ та өздерінің жақсы білімдерін көрсетті. Ақша табудың әдіс-тәсілдерін айтты. Керемет жақсы мерекелік іс-шара болды. Көрермендер және әділ қазылар тамаша кештің куәсі болды.      
 

Бөліс: