Жаңалықтар

February, 19

«Студент, өз құқықтарыңыз бен міндеттеріңізді білесіз бе?» тақырыбында ашық кураторлық сабақ шеңберінде дөңгелек үстел

   «Студент, өз құқықтарыңыз бен міндеттеріңізді білесіз бе?»  тақырыбында ашық кураторлық сабақ шеңберінде дөңгелек үстел

2016 жылы ақпан айының  19 күні қазақ және  орыс тілдері кафедрасының оқытушылары Г.Ш.Акимбекова мен Ә.Ж.Байелінің ұйымдастыруымен «Студент, өз құқықтарыңыз бен міндеттеріңізді білесіз бе?»  тақырыбында ашық кураторлық сабақ шеңберінде дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелге қатысқандар  Алматы Менеджмент Университетінің «Қаржы», «Аймақтану», «Менеджмент», «Құқықтану», «Есеп және аудит» мамандықтарының         1 курс қазақ бөлімінің студенттері.Дөңгелек үстел қатысушысы - Алматы Менеджмент Университеті Заң бөлімінің маманы Степан Владимирович Беспалов.  Дөңгелек үстелдің мақсаты Алматы Менеджмент Университетінің «Білім беру қызметін көрсетуге арналған» келісімшартты негізге ала отырып, студенттердің өз құқықтары мен міндеттеріне қатысты тармақтарды талқылау болды. Алматы Менеджмент Университетінің «Білім беру қызметін көрсетуге арналған» келісімшартының әрбір тармағы бойынша студенттер баяндама жасады. Студенттер «Білім беру қызметін көрсетуге арналған» келісімшартты талдап жасаған баяндамаларын аяқтаған соң, сөз кезегі Заң бөлімінің маманы Беспалов Степан Владимировичке берілді. Маман одан әрі студенттер тарапынан қойылған өзекті сұрақтарға жауап берді. Қойылған сұрақтар төңірегінде студенттер мен маман ортасында қызу пікірталас пен талқылау болды.  

 

 

 

Бөліс: