Жаңалықтар

October, 29

Мейрамхана бизнесі: кеше және бүгін

Дебаттың тақырыбын студенттердің өздері таңдады. Таңдаған мамандықтарын үйреніп, дәріс материалдарымен танысып, практикалық тапсырмаларды іс жүзінде орындап, болашақ мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттыру үшін осы аталған тақырып таңдалды. Дебат барысында көптеген сауалдар туындады.

1.Алғашқы мейрамхана қашан пайда болды?

2.Осы сала мамандарын қайда дайындайды?

3.Мамандықтың жақсы және жаман жақтары.

4.Қазақстанда және шетелде не себепті мейрамханалар саны артуда?

5.Атақты мейрамхана иелері туралы ақпараттар нені дәлелдейді?

6.Мейрамхана иесі-менеджер, қаржыгер, маркетолог, шебер және суретші ме?

Дебат барысында студенттер өздерінің білімдері мен қонақжайлылық қасиеттерін көрсетті. Олар орыс тілінде еркін сөйлеп, көкейкесті маңызды мәселелерді еркін және ашық талқылады. Мұндай кездесулер студенттердің кәсіби және азаматтық көзқарастарын дамыту үшін қажет. Студенттер Мысабаева Амина, Касым Сабина, Серикжан Еркегали "Мейрамхана бизнесіндегі жарнама", "Жетістікке жетудің жеті қадамы", «Мейрамхана ісі: жақсы және жаман жақтары» атты тақырыпта презентация жасады.

Дебатқа белсенді қатысқан студенттерге сертификаттар тапсырылды.

 

Бөліс: