Жаңалықтар

October, 12

Алматының 1000 жылдығы

Алматының 1000 жылдығы аясында қала тұрғындары мен Оңтүстік астана қонақтарына арналған бірнеше мерекелік шаралар өткізілуде. Алматы Менеджмент университетінің Базалық дайындық факультеті мен аталған жоғары оқу орынының студенттері бұл мерекелік шараны ұйымдастыруға белсене қатысты.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. А. Назарбаевтың қатысуымен Париж қаласында өткен ЮНЕСКО-ның 38-інші сессиясында «алма қаласының» 1000 жылдық мерейтойы ерекше атап өтілетін мерейтойлар тізіміне енді.

Осы мерекеге арналған және AlmaU қолдаған іс-шаралар: Қазақстан Республикасының мемлекеттік Орталық музейінде 5-8 қыркүйек 2016 ж. студенттердің "Алматы-Art" атты " І Халықаралық фестиваль-байқауы өтті. Байқау аясында " Дәстүрлі ұлттық өнерді жаңғырту" атты жарыс көрме, мастер-класстар, дефиле номинациялары бойынша ұйымдастырылды. Фестивальдің қазылар алқасының төрағасы Алматы Менеджмент университетінің доценті Н. Такижбаева болды. Іс-шара ҚР мәдениет және спорт Министрлігінің, қалалық білім, ғылыми жұмыс және халықаралық қатынастар департаменті, Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Федерациясының Клубтары, сондай-ақ О. Таңсықбаев атындағы Алматы қаласының сәндік-қолданбалы өнері және Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының колледжі қолдауымен өтті. Сондай-ақ, Фестиваль аясында Алматының 1000-жылдығына арналған «АЛМАТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘЛЕМ МЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылып, оған біздің университеттің оқытушылары қатысты.

 

 
 

 

Қатысушылардың үлкен қызығушылығын AlmaU оқытушылары: т. ғ. д., профессор Айжан Капаева, т. ғ. к, доцент Найля Такижбаева, аға оқытушы Гүлнәр Әсемкұлова, т. ғ. к., доцент м. а. Ермек Рамазанов және тағы басқаларының баяндамалары тудырды.

 

«Ақпараттық технологиялар және жалпы білім беру пәндері»

кафедрасының кафедра меңгерушісі, т.ғ.д., профессор А. Колушпаева

 

Бөліс: