Жаңалықтар

May, 27

Ағымдағы оқу жылының 27-ші мамырында Service Learning оқу бағдарламасының аяқталуына арналған іс-шара өтті.

Ағымдағы оқу жылының 27-ші мамырында Service Learning оқу бағдарламасының аяқталуына арналған іс-шара өтті. Шараға үкіметтік емес ұйымдардың, тірек–қимыл аппараты бұзылған балалармен жұмыс істеуге бағытталған ұйымдардың басшылары және басқа да Университетіміздің қонақтары қатысты.
2016 жылдың қыркүйек айында Қазақстан жоо-ның тәжірибесінде Almaty Management University алғаш болып бакалавр оқу бағдарламасына  студенттерді қоғамның әлеуметтік мәселелерін көріп, шешу жолдарын үйретуге, өзгенің игілігі үшін ерікті ретінде жұмыс істеп тәжірибе жинауға бағытталған жаңа Service Learning пәнін енгізген болатын.
AlmaU Президенті Қожахметов Асылбек Базарбайұлының бастамасымен енгізілген бұл оқу курсы қоғам алдындағы азаматтық жауапкершілкті терең түсінетін, бизнес саласындағы білікті мамандарды даярлауға бағытталып, Университет саясатымен тұспа-тұс келеді.
Осындай айтулы күні, студенттер оқу жылы барысында жүзеге асырған әлеуметтік жобаларының презентациясын ұсынды, қоғамға қызмет ету сияқты асыл борышты орындау барысында алған әсерлерімен бөлісті.   
Қазылар алқасының шешімі бойынша үздік атанған ынталы студенттер топтары құнды сыйлықтармен марапатталды.

Бөліс: