«Орыс тілі» пәнінен өткізілген студенттік олимпиада
4- 9 сәуір аралығында «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасы жыл сайын ұйымдастыратын 1 курс қазақ бөлімі студенттерінің
арасында «Орыс тілі» пәні бойынша олимпиада өткізді.
2016 жылдың 4 сәуірі күні І тур өтті. Олимпиадаға қатысуға 19 студентт өтініш берді.
2016 жылдың 6-7 сәуір аралығында 2 тур болды. Бұл кезеңде орыс тілінен орфографиялық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік және стилистикалық 25 тапсырма берілді. Келесі кезеңге өту үшін 20 сұраққа дұрыс жауап беру тиіс еді. Байқаудың нәтижесінде 2 турға 15 қатысушы өтті.
9 сәуір күні олимпиаданың 3 туры болып өтті. Бұл кезеңге 11 студент қатысты. Қатысушылардың білімін п.ғ.д., профессор Жаданова К.Х. және ф.ғ.д., профессор Иманбердиева С.К. бағалады. Әділ қазылардың шешімі бойынша келесі студенттер жеңімпаз атанды:
1 место- Жакып Акбота,
2 место – Нурхатова Алуа
3 место - Аманкосова Фарида