Жаңалықтар

February, 22

Благотворительный фонд "Шапагат"

 

"Шапағат"  Қайырымдылық қоры

 

 2016 жылдың 1 ақпанында «Есеп және аудит» мамандығының 1 курс студенттерімен «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының оқытушылары

Таирова Н.А. және Иманбердиева С.К.  Алматы қаласындағы №1 балалар үйіне барды.

Алатаева Құралай 
«Есеп және аудит» мамандығының 1 курс студенті

Біз алғаш рет балалар үйіне бардық. Бізді қалай қарсы алар екен? Әрқайсымызға жүктелген міндеттерді орындай алар ма екенбіз, - деп қобалжыдық. Балалар үйінде өте әдемі екен және барлық жағдай жасалған. Бізбен ең алғашқы болып Дима есімді бала танысып, бізге сұрақ қоя бастады. Ол бізден қайда оқитынымызды, болашақта қандай маман иесі болатынымызды сұрады.
Біз балалар үйінің тәрбиеленушілері өмірге бейімделмеген және тамақ әзірлей білмейді деп ойлаған едік. Сөйтсек, балалар үйінде аспаздық курстар жұмыс істейді екен. Олар тамақ әзірлеуге бізге көмектесті. Осылайша, біз 3 түрлі салат және 6 пицца жасадық. Барлық дайындаған тағамдарымыз өте тойымды және дәмді болды.
  Мен курстастарыммен балалар үйіндегі өмір туралы сөйлестім. Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қанша жақсы жағдай жасалғанымен әр баланың өз отбасы болуы тиіс. Әр қайсысының қамқор ата-анасы болуы керек. Осындай бейбіт заманда неге балалар үйінде тастанды жетімдер көп деген ойға келдік. Біз уақытымызды бос өткізбей балалар үйіне барғанымызға өкінбейміз. Келешекте тағы да балалар үйіне кездесуге келеміз деп уәделестік.

 
Бөліс: