Жаңалықтар

February, 10

«Тіл-әлемдік кеңістікке апаратын жол» атты кездесу

«Тіл-әлемдік кеңістікке апаратын жол» атты кездесу

2016 жылдың 5 ақпанында «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының ұйымдастыруымен поляк тілінің маманы, тарихшы, поляк білімін дамыту орталығының өкілі  Хенрик Пжевжеймен 1 курс студенттері арасында «Тіл-әлемдік кеңістікке апаратын жол» атты кездесу өтті. Кештің қонағы студенттерге шетел тілдерін білу өміріңізге «жақсы жол ашып» қана қоймайды, сонымен қатар, әр елдің мәдениетін, тарихын түсініп, ой өрісті кеңейтеді деп айтты.
«Менің ойымша, көп тілді білу бұл әрбір адам үшін үлкен мүмкіндік және тілді үйрену арқылы біз сол халықтың жан дүниесіне жол табамыз. Себебі, сол тіл арқылы тек сөздер ғана емес, ұлттың ойы, сезімі, қайталанбас ерекшеліктері көрінеді. Студенттердің тілдерді меңгеруі әлемдік білім кеңістігінде олардың өз қабілеттерін жүзеге асыруларына мүмкіндік береді» - деп атап көрсетті өз сөзінде поляк тілінің маманы.
Студенттер кездесуге деген өз қызығушылықтарын білдіріп, көптеген сұрақтар қойды. Кеш жақсы, жоғары деңгейде өтті.

 

 

 

 

 

 

 

Бөліс: