Жаңалықтар

October, 30

Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жылдығына арналған «Татулық – табылмас бақыт» атты мерекелік кеш

Mерекелік кештің мақсаты – Қазақстан халқының бірлігі мен татулығын жастарға паш ете отырып, олардың бойындағы елге, халыққа деген сүйіспеншілікті, патриотизмді сіңіру. Кеште әр ұлт өкілдері өз салт-дәстүрлері мен тарихы туралы мәлімет бере отырып, өз өнерлерімен тәнті етті.

Кеште қазақ және татар, кәріс, ұйғыр, қырғыз, өзбек, түрік, орыс ұлтының өкілдері өнерлерін көрсетті. Кеш қонақтары – Алматы қаласы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Казбек Владимирович Мансуров, Қаскелең қаласы бойынша түрік әйелдер қоғамдастық бірлестігі төрайымы – Алиева Дурия Джамаловна студенттердің өнерін тамашалап, өз ризашылығын білдірді.

 

 

Бөліс: