«Шапағат» қайырымдылық қоры
Қазан айының 23-күні кафедра меңгерушісі Г.Ә.Садыр мен аға оқытушы Ә.Ж.Байелі сабақ жүргізетін топтарының туденттерімен бірге балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесті.
Кездесудің алғашқы сәттерінде балалар біраз қысылып, ұялып сөйлемей отырды. Дегенмен студенттердің мейірімді жүздері мен ашық-жарқын қатынасы балалардың жүрегіне жол тауып, тыныш қана басталған кездесу қызықты думанға айналды. 2 курс студенттері университетімізің ерекшеліктері мен мамандықтары туралы және әлеуметтік саладағы көмектері жайлы өте қызықты етіп айтып берсе, І курс студенттері ойындар ұйымдастырды. Кездесу аяқталып, қайтатын уақытта балалар «Тағы да келіңіздерші, сіздерге үлкен рақмет, уақыт тамаша өтті» деп ризашылықтарын білдірді.
Кездесуді ұйымдастыруға көмек беріп қайтқан студенттердің алған әсерлері жайлы бірер сөз.
«Біз балалар үйінен өте жақсы әсермен қайттық. Балалармен танысып, көп әңгімелесіп, түрлі ойындар ойнадық. Олар өте көңілді, қарым-қатынастары жақсы екен. Бізді ашық-жарқын көңілмен қарсы алды. Менің ойымша, олар біздің келгенімізге қатты қуанды және бізді қимай, әрең жіберді».
Сабырбекұлы Айдос, Аймақтану, І курс студенті
«Негізі мен балалар үйінен жақсы әсер алып қайттым. Бұрын мұндай балалар үйіне барып көрген жоқ едім. Үйге келген соң өмір туралы көп ойландым. Өзімнің сондай бақытты екенімді сезініп, түсіндім».
Жаманкулова Лауры, Аймақтану, І курс студенті.