Новости

декабря, 29

Ойлылардың ойыны - Тоғызқұмалақ

2014 жылы  29 желтоқсан күні  «Ойлылардың ойыны - Тоғызқұмалақ» атты Айгерім Қуанышқызымен сұхбаттасу кеші өтті. Сұхбаттасудың мақсаты Қазақтың «Тоғызқұмалақ» ойынын жан-жақты түсіндіріп, қыр-сырын ашып көрсету арқылы ойлылардың ойыны – тоғызқұмалаққа деген студенттердің қызығушылықтарын арттыру. 

 

Қазақтың ұлттық ойыны Тоғызқұмалақты өзіне серік етіп, үнемі жеңіс тұғырынан көрінген Әйгерім Қуанышқызын қошеметпен ортаға шақырып, студенттер өздерін қызықтырған сан түрлі сауалдарын қойып, қызықты да пайдалы ақпарат алды.Кеш соңында студенттер Айгерім Қуанышқызына алғыс-тілектерін айтып, сыйлықтарын табыстады. АлМУ-дың арнайы сыйлығы берілді.  

Жауапты оқытушы: ф.ғ.к., доцент Утемисова Гульмира Жеткергеновна 

Поделиться: