News

October, 08

ТІЛ – ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ

2014 жылы 26 қыркүйек күні «Тіл – татулық тірегі» атты мерекелік кеш өтті. Бұл кеш елімізде тұратын түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық ерекшеліктерін көрсету арқылы ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді насихаттау, ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу мақсатында өткізілді.

 

    

 

Кеш көрермендері мен қонақтарға әр ұлт өзінің ұлттық тағамдарын, салт-дәстүрлерін,  ұлттық өнерлерін (слайд арқылы және қойылым түрінде) таныстырып, мерекелік кештің маңызы мен мәнін айқындады.

 

 

Мерекелік кеште өз өнерлерімен көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған  барлық қатысушыларға  арнайы сыйлықтары табыс етілді. 

Жауапты оқытушы: ф.ғ.к., доцент Утемисова Гүлмира Жеткергенқызы.

Share: