Новости

апреля, 09

Қазақ тілі пәнінен өткізілген пәндік олимпиада

В 1 деңгейі бойынша жауапты оқытушылар п.ғ.м., аға оқытушы Амреев Н.А.,  п.ғ.м., аға оқытушы Бейсембиев Б.К. 

            І турда лексика-грамматикалық материалдар бойынша тест тапсырмаларын орындау болды. Пәндік олимпиаданың І турының қорытындысы бойынша  28 студент ІІ турға өтті.

           ІІ турда ұяшықты таңдап, онда берілген сөздер мен сөз тіркестерімен сөйлемдер құрап, әр түрлі формада қолдану керек. Олимпиаданың ІІІ турына 10 студент өтті.

             ІІІ турда шығармашылық тапсырма. Берілген суреттер бойынша сөйлеу. Шығармашылық тапсырманы шынайы өмірмен байланыстырып, жүйелі сөйлей білу.

Қазақ тілінен В-1 деңгейі бойынша пәндік олимпиаданың ІІІ турына 6 студент өтті. Қазылар алқасы ф.ғ.к., доцент О.М.Әбутәліп пен Н.Ә.Әміреевтің шешімімен  «Қазақ тілінен»  В-1 деңгейі бойынша пәндік олимпиадада жүлделі орынға ие болған студенттер:

І орын Сырлыбаева Тамила(ҚІжМБ)

ІІ орын Байгөзова Асия(Аймақтану)

ІІІ орын Колыш Андрей(Есеп және аудит)

 

В 2 деңгейі бойынша жауапты оқытушылар ф.ғ.к., доцент Акимбекова Г.Ш., ф.ғ.к.,  аға оқытушы  Байелі Ә.Ж.

           І турда тест тапсырмаларын орындау өткізілді. Нәтижесінде 56 студент қатысып 21 студент келесі кезеңге өтті.

          ІІ турда үй тапсырмасы өзін, университетін, мамандығын таныстыру. Байқау қорытындысы бойынша 12 студент ІІІ турға өтті.

          ІІІ турда «Сөз тапқанға қолқа жоқ» 1,30 минуттық мультфильмді  дыбыстау - шығармашылық тапсырманы шынайы өмірмен байланыстырып,  образға кіріп,  бірнеше дауысты дыбыстай білуі  ескерілді.

Олимпиаданың әділқазылар мүшесі: ф.ғ.к. доцент Г.Ә.Садыр,аға  оқытушы Н.А.Амреев

Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған студенттер:

Ұлты қазақ студенттер:

І орын – Уалгалиева Рената

ІІ орын – Ибрай Әділжан

ІІІ орын – Самалбек Айдана

Ұлты өзге студенттер:

І орын – Фролова Марина

ІІ орын – Саитова Гюзяль

ІІІ  орын – Байжуманова Қарлығаш

 

 «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасы қазақ тілінен студенттер арасында пәндік олимпиада өткізді. 
С1 деңгейі бойынша жауапты оқытушылар ф.ғ.к., доцент Бегалиева Л.Б., аға оқытушы Жакибаева К.А
Қазақ тілі пәнінен олимпиадаға С1 деңгейі бойынша бірінші турға  тест тапсыру бойынша 39 студент қатысты. Тесте лексика-грамматикалық және оқылым бойынша тапсырмалар берілді. І турдың нәтижесі бойынша II турға 14 студент өтті. 
ІІ турға барлығы 10 студент қатысты. Екінші тур бойынша студенттерге дыбыссыз 10 мультфильм берілді. Әр студент мультфильмді сюжет бойынша дыбыстай алулары керек. Екінші турдың нәтижесі бойынша 6 студент 3 - турға өтті. 
    ІІІ турға өткен студенттерге грамматикалық, лексикалық (мақал-мәтелдер, фразеологизмдер, шешендік өнер т.б. ) тақырыптар бойынша викториналық сұрақтар берілді.Үш турда жинаған ұпайларының жоғары болуына қарай орын алған жеңімпаздар:
1-    орын, Әділбек Нұрбек 
2-    орын Мағзомова Аружан 
3-    орын Есенбек Сүлеймен 

 

Поделиться: