Жаңалықтар

April 19 , 2016
2016 жылдың 19 сәуір күні сағат 12.00-де 1 курс орыс бөлімінің студенттеріне тілдік ортаны қалыптастыру мақсатында «Қазақ халқының ұлттық аспаптары» тақырыбында кездесу өткізілді.
April 18 , 2016
2016 жыл 18 сәуір күні сағат 10.50-ден 15.00-ге дейін «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының ұйымдастыруымен тілдік ортаны қалыптастыру мақсатында «Қазақ тілі - болашағым» атты іс-шара болып өтті.
April 18 , 2016
2016 жылдың 18 сәуір күні университеттің студенттері мен Алматы қаласындағы №1 Балалар үйінің тәрбиеленушілерінің қатысуымен қазақ және орыс тілдері кафедрасының жанынан құрылған «Шапағат» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен «Наурыз шапағаты» байқауы болып өтті.
April 04 , 2016
4- 9 сәуір аралығында «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасы жыл сайын ұйымдастыратын 1 курс қазақ бөлімі студенттерінің арасында «Орыс тілі» пәні бойынша олимпиада өткізді.
March 24 , 2016
"Балауса" тілдер клубының отырысы 26.02.2016ж. сағат 10.00-де 317 аудиторияда «Балауса» тілдер клубының «Тілге құрмет – елге құрмет» тақырыбында отырысы өтті. Отырысқа В-1, В-2 деңгейінде білім алып жатқан 63 студент қатысты. Отырыс қонақтары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде және Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінде оқитын шетелдік студенттер болды. Қонақтардың қазақ тілін жетік біліп, еркін сөйлеуі отырысқа қатысқан студенттерімізді таңқалдырды. Отырыс барысында шетелдік студенттер тіл үйренудің қиын да қызықты кезеңдері туралы еске алып, сүйіп оқитын қазақ ақындарының өлеңдерін жатқа айтып, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Кездесу соңында қонақтарға алғыс айтылып, сыйлықтар тапсырылды.
March 16 , 2016
16 наурыз күні Алматы Менеджмент университетінің 1 курс студенттері Қазақ және орыс тілдері кафедрасының оқытушылары Жакибаева К.А., Нуртазина А.О., Бейсенбиев Б.К., Джубанова Г.Д., Отынчиева М.Т. Алматы қаласындағы №1 балалар үйіне барып, тәрбиеленушілермен кездесу өткізді.
March 16 , 2016
Алматы қаласының 1000 жылдығының аталып өтілуіне байланысты, Алматы Менеджмент Университетінің Қазақ және орыс тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен 16 наурыз күні «Алматы мұражайы шақырады» атты тақырыбындағы кездесу болып өтті.
March 14 , 2016
14 наурыз сағат 14.10-да 430-дәрісханада Алматы қаласының тарихын зерттеуші, Ә.Марғұлан атындағы археология институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Нұржанов Арнабай Әбішұлы орыс бөлімінің 1 курс студенттерімен Алматы тарихының тағлымдары туралы ой бөлісті.
February 27 , 2016
«Орыс жазушылары шығармаларындағы әзіл» атты әдеби КТК 27.02.2016 жылы «Русландия» орыс тілі клубының ұйымдастыруымен «Орыс жазушылары шығармаларындағы әзіл» атты әдеби КТК өткізілді. Ильф және Петровтың «12 орындық» атты белгілі роман желісі бойынша студенттер көріністер қойды. Байқаудың қазылар алқасы «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының оқытушылары профессор Жаданова К.Х., ф.ғ.к., доцент Бадагулова Г.М. және аға оқытушы Джубанова Г.Д. болды. Байқауға «Он үшінші орындық» («Менеджмент» мамандығының 1 курс студенттері) және «Сол жақұттар» («Есеп және аудит» мамандығының 1 курс студенттері) атты командалар қатысты. Студенттер «12 орындық» романы бойынша білімдері мен әзілдерін «Сәлемдесу», «Капитандар жарысы», «Командалар байқауы» атты 4 жарыста ұтымды көрсете білді. Команда капитандары ақша табудың жолдары туралы өз жоспарларын ұсынды. Әр команда романдағы қанатты сөздерді айтып жарысты. Екі топ та өздерінің жақсы білімдерін көрсетті. Ақша табудың әдіс-тәсілдерін айтты. Керемет жақсы мерекелік іс-шара болды. Көрермендер және әділ қазылар тамаша кештің куәсі болды.
February 22 , 2016
"Шапағат" Қайырымдылық қоры 2016 жылдың 1 ақпанында «Есеп және аудит» мамандығының 1 курс студенттерімен «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының оқытушылары Таирова Н.А. және Иманбердиева С.К. Алматы қаласындағы №1 балалар үйіне барды. Алатаева Құралай «Есеп және аудит» мамандығының 1 курс студенті Біз алғаш рет балалар үйіне бардық. Бізді қалай қарсы алар екен? Әрқайсымызға жүктелген міндеттерді орындай алар ма екенбіз, - деп қобалжыдық. Балалар үйінде өте әдемі екен және барлық жағдай жасалған. Бізбен ең алғашқы болып Дима есімді бала танысып, бізге сұрақ қоя бастады. Ол бізден қайда оқитынымызды, болашақта қандай маман иесі болатынымызды сұрады. Біз балалар үйінің тәрбиеленушілері өмірге бейімделмеген және тамақ әзірлей білмейді деп ойлаған едік. Сөйтсек, балалар үйінде аспаздық курстар жұмыс істейді екен. Олар тамақ әзірлеуге бізге көмектесті. Осылайша, біз 3 түрлі салат және 6 пицца жасадық. Барлық дайындаған тағамдарымыз өте тойымды және дәмді болды. Мен курстастарыммен балалар үйіндегі өмір туралы сөйлестім. Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қанша жақсы жағдай жасалғанымен әр баланың өз отбасы болуы тиіс. Әр қайсысының қамқор ата-анасы болуы керек. Осындай бейбіт заманда неге балалар үйінде тастанды жетімдер көп деген ойға келдік. Біз уақытымызды бос өткізбей балалар үйіне барғанымызға өкінбейміз. Келешекте тағы да балалар үйіне кездесуге келеміз деп уәделестік.